Nokia Ovi Player
Nokia Ovi Player көмегімен музыканы ойнатуға және ұйымдастыруға, Nokia Ovi
арқылы музыка жүктеуге, үйлесімді компьютер мен үйлесімді Nokia мобильді
құрылғылары арасында әндерді және ойнату тізімдерін көшіруге және аудио
шағын дискілерінен/дискілеріне көшіруге болады.
Музыкалық жинақты басқару үшін Музыкам қойыншасын ашыңыз. Бірнеше
үйлесімді құрылғыларды Nokia Ovi Player қолданбасына қосып, құрылғыларда
сақталған музыканы көруге және ойнатуға болады.
Nokia Ovi жүйесінен көптеген әндерді таңдау және жүктеу үшін Ovi Music
қойыншасын ашыңыз. Музыканы жүктеу үшін Nokia тіркелгісін жасау керек.
Nokia Ovi музыка қызметтерінің желідегі күйі аймаққа қарай әр түрлі болуы мүмкін.