Интернет қоңыраулары туралы
Интернет арқылы қоңыраулар шалуға және қабылдауға болады (желілік қызмет).
Интернет қоңырауы қызметтері компьютерлер арасындағы, қалта телефондары
арасындағы және VoIP құрылғысы мен кәдімгі телефон арасындағы
қоңырауларды қолдауы мүмкін.
Кейбір Интернет қоңырауы қызметінің провайдерлері тегін Интернет
қоңырауларын шалуға мүмкіндік береді. Пайдалану мүмкіндігі және байланыс
ақысы туралы білу үшін, Интернет қоңырауы қызметінің провайдеріне
хабарласыңыз.
VoIP немесе басқа қызметтерді пайдалану кейбір елдерде шектеулі болуы
мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін, құрылғының сатушысына, қызмет
провайдеріне немесе жергілікті билік органдарына хабарласыңыз.
Интернет қоңырауын шалу немесе қабылдау үшін, WLAN қызмет көрсету
аясында болуыңыз және Интернет қоңырауы қызметіне кіруіңіз керек.