Болжалды мәтін енгізу
Кірістірілген сөздік санды пернелерді басқан кезде, сөздерді ұсынады. Сөздікке
өз сөздеріңізді де қосуға болады.
Сөзді жазу
Санды пернелерді (2-9) басыңыз. Әрбір әріп үшін пернелердің әрқайсысын бір
рет басыңыз.
Сөзді растау
Жүгіргіні алға жылжытыңыз немесе бос орын енгізу үшін, 0 пернесін басыңыз.
Қажетті сөзді таңдау
Егер ұсынылған сөз дұрыс болмаса, * пернесін бірнеше қайталап басып, тізімнен
керекті сөзді таңдаңыз.
Сөздікке сөз қосу
Егер сөзден кейін ? таңбасы көрсетілсе, бұл жазғыңыз келген сөздің сөздікте жоқ
екенін білдіреді. Сөзді сөздікке қосу үшін,
Әріптеп
тармағын таңдаңыз. Мәтінді
әдеттегідей енгізу әдісімен сөзді енгізіп,
Сақтау
тармағын таңдаңыз.
Мәтін жазу
27
Күрделі сөз жазу
Сөздің бірінші бөлігін жазып, сөзді растау үшін жүгіргіні алға жылжытыңыз. Сөздің
екінші бөлігін енгізіп, тағы да растаңыз.