SIM картасы мен батареяны салу
Маңызды: Шағын UICC SIM картасын (Micro SIM картасы деп те аталады),
адаптерге салынған Micro SIM картасын немесе шағын UICC картасына арналған
ойығы (суретті қараңыз) бар SIM картасын бұл құрылғыда пайдалануға
болмайды. Micro SIM картасы стандартты SIM картасынан кішірек болады. Бұл
құрылғыда micro-SIM карталары қолданылмайды, ал үйлеспейтін SIM картасын
қолдану картаны немесе құрылғыны зақымдап, онда сақталған деректерді
зақымдауы мүмкін.
Бұл құрылғы BL-5CT батареясымен пайдаланылады. Әрқашан Nokia
корпорациясы шығарған батареяларды пайдаланыңыз.
SIM картасы мен оның контактілері тырналғанда немесе бүгілгенде оңай бүлінуі
мүмкін, сондықтан картаны ұстау, салу немесе шығарып алу кезінде абайлаңыз.
1 Қақпақты сырғытыңыз да, оны шешіп алыңыз. Батарея салынған болса, оны
шығарып алыңыз.
2 SIM картасын салыңыз. Картаның түйіспелі беті төмен қарап тұруын
қадағалаңыз.
Жұмысты бастау
7
3 Батареяның түйіспелері мен батарея бөлімін туралап, батареяны салыңыз.
Артқы қақпақты орнына салу үшін, бекітілетін ысырмаларды ұяларына қарай
бағыттап, қақпақты орнына нық орныққанша сырғытыңыз.